Бес жылда Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері еселенді. Жалпы өңірлік өнім көлемі 2018 жылы - 1,7 триллион теңге болса, 2022 жылы - 3,5 триллион теңгеге жеткен. Осылайша бес жылда өңірдегі өнім көлемі 2 триллион теңгеге артып отыр. Өнеркәсіп саласында да айтарлықтай жетістік бар. 2022 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 866 млрд.теңгеден асып, бес жыл бұрынғы көрсеткіштен 428 млрд.теңгеге көбейген. 2025 жылға дейін өнеркәсіптегі өнім табысын 1 трлн.теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.