Елімізде Энергетика министрінің бұйрығына сәйкес, бірінші маусымнан бастап электр өндірушілер қуат көзінің бағасын өсіреді. Осыған сәйкес, республикамыздағы электр энергиясымен жабдықтаушы мекемелер де тариф бағасын көтеру жөнінде ұсынысын құзырлы мекемелерге жолдап жатыр. Осыған орай, "Энергопоток" ЖШС-нің электр пайдаланушыларға тарифті көтеру жөніндегі ұсынысын Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті қабылдап, қоғамдық жария тыңдау ұйымдастырды. Оған әкімдік, тиісті басқарма, қоғамдық ұйымдар мен бірлестік, облыстық мәслихат өкілдері де қатысты.