Орталық Азия елдеріне Ауғанстаннан қауіп-қатер төніп тұр. Себебі америкалықтар кеткеннен кейін мұнда үлкен көлемдегі қару-жарақ қалып қойған. Бұл туралы ел президенті Қасым Жомарт Тоқаев Шығыс экономикалық форумында мәлімдеді. Сондай-ақ президент неліктен ауған босқындарын қабылдамағанын түсіндірді. Оның сөзінше, Америка әкімшілігімен жұмыс істеген ауғандар ел егемендігіне қауіп төндіруі мүмкін.