Түркістан облысында жайылымдық жерлерді тапшы деп жалған ақпарат берген 174 ауыл әкімі әкімшілік жазаға тартылды. Ауыл аймақтарда шенділер көрсеткіштерді «жақсарту» мақсатында статистикалық есептерге шаруа қожалықтарындағы мал бастарын қосып жазған. Мұндай заңбұзушылықтардың өңірдік прокурорлары «Қолжетімді жайылым» жобасы аясында тексеру кезінде анықтаған. Қадағалау органы өкілдерінің мәліметінше, бұрмаланған есептерді аудан әкімдері жайылымдық жерлерді басқару жобасын түзу және бекіту барысында қолданған. Қазіргі таңда аталған статистика прокурорлардың ықпалымен ретке келтірілді. Ал, дұрыс ақпарат бермеген әкімдер 5 млн теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды. Сондай-ақ, облыс бойынша жайылым жерлерге деген нақты қажеттілік 3 есеге, яғни 2 млн 100 мыңнан 652 мың гектарға дейін төмендеген. Одан бөлек, прокурорлық актілердің негізінде қала, аудан әкімдіктерімен бұдан алдын бекітілген мағыналас жобаларды қайта қарау жұмыстары жүргізілуде.