Бүгін еліміздегі барлық мешіттер мен шіркеулер бірлесе дұға етті. Құлшылық орындарында екінші дүниежүзілік соғысы құрбандары мен хабарсыз кеткен боздақтарды еске алу рәсімі өтті. Іс-шара «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен ұйымдастырылған. Айта кетсек, осыдан 82 жыл бұрын дәл осы күні нацистік Германия КСРО аумағына кенеттен шабуыл жасады. Майданға Қазақстаннан 1 млн 500 мыңға жуық адам аттанған. Оның 630 мыңы ұрыс алаңында қаза тапса, 271 мыңнан астамы хабар-ошарсыз кеткен.