Кенеден келер кесел көп. Дертке шалдықсаңыз, дәрігерлер де дәрменсіз. Бір жыл ішінде Түркістан облысының-700 ге жуық тұрғынын кене шаққан. Ал осы жыл басынан бері конго-қырым қанды қызбасы бар деген күдікпен 29 жағдай тіркелген. Соның ішінде 2 тұрғынның диагнозы расталып, біреуі көз жұмған. Себеп - кене шаққанын кеш анықтау және салғырттық. Ал Түркістан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «жағдайдың алдын алу үшін аянып қалмаймыз»,- деп отыр. Мамандар облыс көлемінде 533 елді мекенде зоопаразитологиялық топ құрамдарымен барлау жұмыстары жүргізген. Тиісінше 35 мың кене жойылды.