"Қыстың қамын жаз ойла". Дәл осы кезде базарда жеміс жидектер саудасы қызып тұр. Өйткені өңір тұрғындары таңсық асты таласа жеп, әйелдер жағы тосап қайнатады. Бірақ бағбандардың айтуынша, биыл жеміс-жидек аз. Тіпті Қазығұрт ауданының өзінде олардың базардағы бағасы былтырғыдан әлдеқайда қымбат. Қыстың қатты болуы өнімнің аз болуына, тиісінше бағаның өсуіне себеп болды дейді сатушылар.