Түркістан
EN

Бес жылда 100 мектеп салынған

274
19.06.2023

Түркістан облысында бес жылда 100 мектеп салынды. Рухани шаһар облыс орталығына айналмас бұрын білім ордаларының саны 900-дің жобасында болса, қазір мыңнан асып жығылады. 78 мектептің құрылысы бюджет есебінен жүргізіліп, бүгінде 64 білім ошағының құрылысы аяқталған. Бұл өз кезегінде үш ауысымды мектептер өзектілігін шешуге өз септігін тигізіп отыр. Одан бөлек, 108 мектептің асханасы жаңғыртылды.Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау үшін 907 мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Оның ішінде, 750 мектебінің бейне камерасы полицияның жедел асқару орталығына интеграцияланды.