Түркістан
EN

Әлемдік додада топ жарған спортшылар марапатталды

118
06.09.2021

Жауынгерлік жекпе-жек өнерінен әлемдік додада топ жарған спортшылар мен бапкерлері марапатталды. Байрақты бәсекеден жеңіспен оралған спортшылардың еңбегі ерен. Сондықтан «Түркістан аренада» өткен салтанатты жиында саңлақтарға арнайы спорттық киімдер мен ұялы телефон табыс етілді. «Ел намысын қорғаған жастарды жігерлендіріп, демеп отыруымыз қажет, – деді Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер ассоциациясының құрметті президенті Әбілсейіт Дүйсебаев.