Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевты қабылдады. Кездесу барысында Президент өңірдің жаңа басшысына маңызды міндеттер жүктеді. Атап айтқанда, ол Қатон-Қарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандарын қалпына келтіру жөніндегі тапсырмалар. Бұл жөнінде Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда айтқан болатын. Президент Шығыс Қазақстан облысы әкіміне үш ауданды қалпына келтіруден бөлек, азаматтардың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыруды да тапсырды. Оның ішінде аймақ экономикасын дамыту мәселелеріне баса назар аударды.