Түркістан
EN

Келесі құрылтай – Атырауда өтеді

251
17.06.2023

Екі дүниенің есігі, ер түріктің бесігі - Түркістанда екі күнге созылған Ұлттық құрылтай да қорытындыланды. «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбына арналған алқалы жиынның алғашқы күні еліміздің әрбір аймағынан арнайы келген делегаттар ұлт келешегі үшін өзекті мәселелерді талқылады. Ал екінші күнгі негізгі жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым алдында сөз сөйлеп, ел дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын ой-толғамдары мен ұсыныстарын ортаға салды. Жалпы, биылғы Құрылтай несімен ерекшеленді? Онда қандай орамды ойлар ортаға тасталып, қандай шешімдер қабылданды? Бұл туралы келелі жиынның екі күнінде де оқиға ортасында болып, жұртшылыққа ақпарат таратқан тілшіміз Бексұлтан Бекпатша баяндайды.