Қазақ тарихының басты нышаны саналатын Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне ұлттық мәдени-тарихи ескерткіш мәртебесі берілетін болды. Ұлттық құрылтайға қатысқан Мемлекет басшысы бұл ұсынысты қолдайтынын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев алқалы жиында Түркістанның мәртебесіне ерекше тоқталды.