Президент Қасым Жомарт Тоқаев Түркістан облысына сапарын Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден бастады. Тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, құран бағыштады. Сонымен қатар Мемлекет басшысына «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығындағы ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жөнінде мәлімет берілді. Қасым Жомарт Тоқаев кесененің тарихи келбетін сақтау жөнінде тапсырма берді.