Түркістанда шіліңгір шілде түспей-ақ ауа райы 40 градустан жоғарылап кетті. Аптап ыстықтан мазасы қашқан халық күндіз-түні тек кондиционермен ғана күнелтуде. Осыған байланысты бүгінде дүкендерде тұрмыстық техниканың бұл түрі қымбаттап кеткен. Қала берді, тіпті табылмай да жатыр. Осы ретте ауа баптағыш сататын дүкендерге шолу жасап, оларды орнататын мамандармен тілдесіп қайтқан тілшімізге кезек берсек.