Бүгін еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды. Алайда салтанатты шараға бірінші сыныпқа келген бүлдіршіндер ғана қатысты. Ал, оқушы саны жағынан Түркістан облысы республикада көш басында тұр. Биылдың өзінде 500 мыңнан астам шәкірт мектепке барады. Оның 50 мыңнан астамы – бірінші сыныпқа қабылданған.