Бүгін Түркістанда Ұлттық құрылтайдың бірінші күні қорытындыланды. Сан ғасырдың куәсі болған көне шаһарға зиялы қауым өкілдері мен ғалымдар жалпы қоғамдық пікір көшбасшылары жиылды. Құрылтай қарсаңында 3 жұмыс секциясы жоспарланған болатын. Оның екеуі түске дейін өтті. Үшіншісі «Білім және ғылым» тақырыбымен түстен кейін басталады. Осы кезге дейін өткен екі секция барысында қоғамды жаңғырту, мәдени-рухани даму мәселелері талқыланды.