Түркістан
EN

Құрылтайда қандай мәселелер талқыланады?

88
16.06.2023

Бүгін түркі жұртының рухани астанасы - Түркістанда Ұлттық құрылтай өтіп жатыр. Онда еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 100-ден астам ел зиялылары «Қоғамдық консолидация», «Мәдениет. Өнер. Руханият», «Білім және ғылым» тақырыптарын талқылайды. Келелі кеңесті үш секция бойынша ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева,  Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов,  Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі,  Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтар жүргізіп жатыр.