Түркістанда ұлы жиын. Бүгін киелі шаһарда Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы басталды. Жалпы, құрылтайдың құрамында 117 адам бар. Оның ішінде Парламент депутаттары, саяси партиялар мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерінен бастап, еліміздің түкпір-түкпірінен, сан түрлі саланың, әр буынның өкілдері бар. Делегация мүшелерінің жартысы күні кеше Шымкент әужайына келіп қонды. Оларды күтіп алуға тілшіміз Өркен Мырзабек барып келген еді.