Жаңа оқу жылынан бастап Түркістан облысының мектептерінде 200 мыңға жуық бала тегін тамақтанады. Бұл тізімге бүкіл бастауыш сынып оқушылары кіреді. Президент пәрменімен облыс әкімі Дархан Сатыбалды осындай шешім қабылдады. Бұл жаңалықты қоғам қалай қабылдады? Әріптесім Балым Әлішер анықтап көрді.