Түркістан
EN

Түркістан облысының мектептері бейнабақылаумен және кәсіби күзетпен қамтылады

84
15.06.2023

Жаңа оқу жылынан бастап Түркістан облысындағы мектептерге бейнебақылау, және лицензиясы бар кәсіби күзетшілер қойылады. Сонымен бірге бала саны 700-ден асатын 284 мектепке арнайы турникеттер орнатылады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен білім саласына қолдау көрсету, балалардың қауіпсіздігін нығайту бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. Мәселен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен үнемделген қаржы есебінен жалпы 6 млрд. теңге қаралды. Ол қаржы камера орнатуға, дабыл, турникетке, күзет пен қоршауға және әжетханаларды жөндеуден өткізуге жұмсалмақ.