Интернет-платформалар арқылы жұмыс істейтін такси жүргізушілері мен курьерлер 1 шілдеден бастап салық төлейтін болды. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне сәйкес, аталған сала мамандары «eSalyq Business» мобильдік қосымшасын қолдана отырып, жеке кәсіпкер немесе қандай да бір компанияға жалдамалы қызметкер ретінде тіркелуі қажет. Осылайша ол шарт жасасу арқылы салық пен әлеуметтік төлемдерді аударуға міндеттеледі. Кейін платформа операторы қызметкерге айлығын төлеу кезінде тиесілі салықтар мен әлеуметтік төлемдерді ұстап қалады. Артынша, бұл мәліметтер автоматты түрде Мемлекеттік кірістер комитетіне беріледі. Бұл талаптар бұрыннан бар, дегенмен түрлі себептерге байланысты оны көп адам орындамай келеді екен.