Түркістан
EN

Түркістанда «Балық мектебі» саладағы тапшы мамандарды дайындайды

190
15.06.2023

Жылына 7 мың тонна балық өсіреді. Бұл - Түркістан облыстық «Шардара балық мектебін» бітірген 15 кәсіпкердің жеткен жетістігі. Жалпы, ашылғалы бері екі жыл ішінде бұл мектеп 80-ге жуық адамға қолда балық өсіруді үйреткен. Бастаманы көтерушілердің мақсаты - өңірдегі балық шаруашылығын дамыту. Оқу мерзімі бар болғаны бір апта. Соның ішінде ынталы азаматтар мол тәжірибе жинап үлгереді. Аталған жобаға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі.