Күні ертең түркі жұртының рухани астанасы Түркістанда Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысы өтпек. Бұл шешім осыдан бір жыл бұрын ұлы даланың төріндегі Ұлытаудың басында өткен алғашқы жиында қабылданған болатын. Жалпы, құрылтайдың құрамында 117 адам бар. Оған Парламент депутаттары, саяси партиялар мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерінен бастап, еліміздің түкпір-түкпірінен, сан түрлі саланың, әр буынның өкілдері қамтылды. Солардың бірі – «Байтақ Болашақ» экологиялық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Азаматхан Әміртай Сайлауұлы. Бүгін Астанадан Түркістанға жолға шыққалы тұрған қоғам қайраткерімен біз дәл қазір тікелей байланысқа шықпақпыз.