Байжансайдың халқы қайта оралды. 90-шы жылдарда тұрғындары тайлы-тұяғымен көшіп кеткен қаланың қазір тек қирандылар ғана қалған. Уақыт өте туған жерін аңсаған жұрт Байжансайға қайта оралуда. Тіпті байырғы көршілер жыл сайын басқосу өткізіп тұрады екен. Дәстүрлі кездесу биыл да жалғасын тапты.