Түркістан
EN

Шымкентте жүк көліктері өртке оранды

78
13.06.2023

Шымкентте жүк көліктері өртеніп кетті. Оқыс жағдай автокөліктерге техникалық қызмет көрсету орталығында болған. Куәгерлердің айтуынша, бірден үш жүк көлігі өртке оранған. Бірақ оның неден шыққаны белгісіз. Тілсіз жау шамамен 200 шаршы метрді құрады. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Төтеншеліктер өртті дер кезінде сөндірген.