Абай облысында өрт кезінде хабар-ошарсыз кеткен тракторшының мәйіті табылды. Полицейлер қызметтік иттің көмегімен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны Сергей Архиповтың денесін өрт сөндіру орнынан 50 шақырым жерден тапты. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ, өзге деректерді анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осымен орман өртінен қаза тапқандар саны 15 адамға жетіп отыр.