Біріккен Ұлттар Ұйымы ауғанстандағы 10 млн балаға көмек керектігін айтып дабыл қағуда. ЮНИСЕФ ұйымының ауғанстандағы өкілі Эрве Людовик Де Лис осы оқиғада ең осал топ ол балалар екенін айтуда. Де Лис өз мәлімдемесін Кабулдағы АҚШ-тың Ислам Мемлекетіне қарсы әуе соққысынан кейін жариялады. Сонымен қатар, ЮНИСЕФтің Талибандармен 69 баланы ата-анасымен қайта қауыштыру жөнінде келіссөз жүргізіп жатқандығы белгілі болды.