Түркістан
EN

1 шілдеден бастап орманшылардың жалақысы өседі

55
13.06.2023

1-ші шілдеден бастап орман шаруашылығы қызметкерлерінің айлық табысы өседі. Қазіргі күні орманшылардың орташа жалақысы 72 мың теңге деп белгіленген. Сондай-ақ, материалдық-техникалық базасы 2027 жылға қарай 100 процентке дейін жаңарту жоспарланып отыр. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова мәлімдеді. Министрдің сөзінше, елдегі орман шаруашылығына 8,1 млрд теңге бөлінген. Ал өртті ерте анықтау жүйесіне 4,1 млрд теңге жоспарланған.