Түркістан
EN

Абай облысындағы орман өрті әлі басылған жоқ

23
13.06.2023

Абай облысындағы орман өрті әлі басылған жоқ. Құтқару қызметі түні бойы қызыл жалынмен күресті. Талица және Каштак ауылдарына қауіп әлі бар. Оқиға орнында тәулік бойы кезекші мамандар, жедел штаб жұмыс істеп тұр. Дегенмен өртті сөндіру ойпаттар мен желдің салдарынан қиынға соғуда. Көмекке Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстарының, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларының төтенше жағдайлар күштері және бөлімшенің әскери қызметкерлері қосылыпты. Қазір өртпен күреске 1500-ге жуық адам, 300-ден астам техника, 14 тікұшақ жұмылдырылған.