Абай облысында өрттен қаза тапқан орманшылардың отбасыларына «Қазақстан халқына» қорынан 7 миллион теңгеден, кәмелетке толмаған әр балаға 2 миллион теңгеден төленеді. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты. Сондай-ақ марқұмдардың жанұясы мен зардап шеккендерге қажетті қолдау шараларын көрсету мақсатында арнайы қор құрылған. Ал, 40-тан астам жоғары оқу орны өрттен зардап шеккен отбасылардың студенттеріне грант пен жатақханадан орын беруге дайын. Оған қоса ақылы негізде оқитын студенттер мен магистранттарды грантқа ауыстыру көзделуде.