Бүгін елімізде халық санағының екінші кезеңі басталды. Бұл санақтың бұрынғылардан бір ерекшелігі екі кезеңнен тұратындығында. Бастапқы кезеңде халыққа санақтың жүргізілу тәртібі түсіндірілді. Тағы бір айтарлығы, санақ электронды форматта өтеді. Яғни, жауап алушы интервьюери 91 сұрақ қояды. Жауап беруге әр адамға шамамен 20-25 минут уақыт беріледі. Егер оған өз үлесіңізді қосқыңыз келсе, арнайы сайтқа кіріп, анкетаны толтыру керек. Балалары үшін ата-анасы жауап бере алады. Бұдан бөлек, тек әйелдерге тән және үй жағдайына байланысты ер азаматтар ғана жауап бере алатын сұрақтар да бар. Айта кету керек, елімізде тұрғындардың нақты қанша екенін білу үшін осындай жұмыстар әр 10 жыл сайын жүргізіледі. Бұл – еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізілген үшінші санақ.