Қаралы күнге байланысты ел астанасындағы мемлекеттік рәміздер алаңында орналасқан ең үлкен ту төмен түсірілді. Сондай-ақ көк байрағымыз ел ішіндегі барлық мемлекеттік мекемелерде 24 сағат бойы жартылай түсіп тұрады. Аза тұту күнінде ойын-сауық бағдарламалар тоқтатылды. Соңғы рет қазақ халқы былтыр қаралы қаңтар құрбандарын еске алып, аза тұтқан еді. 2020 жылдан бері, яғни соңғы 3 жылда 4-ші рет жалпыұлттық аза тұту күні жарияланып отыр.