"Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер". Отырар ауданындағы әлеуметтік орталықтарға келушілердің саны артқан. Қариялар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар өңір орталығы Шәуілдір ауылында орналасқан «Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына келіп ем қабылдап, демалуда.