Түркістан
EN

Туристер ұлттық ойынға тамсанды

116
10.06.2023

Түркістан облысының 5 жылдығына орай ұйымдастырылған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі жалғасын тапты. Іс-шара аясында Түркістан қаласында Сарыағаш ауданының мәдени күндері өтуде. Бүгін «Асыл мұра» атты қолөнер мен қылқалам шеберлерінің көрмесі қойылып, қазақи ғұрыптар, ұлттық ойындар насихатталды. Үш күнге созылатын іс-шара мақсаты - қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптеп, төл мәдениетімізді дамыту, сондай-ақ аймақтың туристік әлеуетін арттыру. Киелі шаһардың бүгінгі келбетін көзбен көру үшін туристер тіпті сонау шетелдерден келген.