Түркістан облысында заңсыз жер қойнауын пайдаланушылармен жаппай күрес жүруде. Өңірде жыл басынан бері осындай 96 дерек анықталыпты. Сарыағаш аудандық полиция бөліміне, Келес өзенінде қиыршық тастарды заңсыз өндіру туралы хабарлама келіп түскен. Осыдан соң сақшылар сол маңды дрон арқылы түсіріп алған. Кейіннен екі жергілікті тұрғын қиыршық тасты жинап, сатпақ болғаны анықталды. Полиция бұл құқықбұзушылықты тоқтатты. Екі жүк көлігі де айыппұл тұрағына қойылып, осы іс бойынша жиналған материалдар облыстың экология департаментіне жолданған.