Түркістан облысы пирамиданың құрығына түскендер бойынша елімізде көш бастап тұр. Жыл басынан бері 1500 адам қаржы пирамидаларына алданған. Заң бұзушылықтардың алдын алу үшін облыстық экономикалық тергеп тексеру департаменті түрлі іс шаралар ұйымдастырып жатыр. Бүгін осындай игі басқосулардың бірі Халықаралық қазақ-түрік университетінде өтті. Онда еліміздің мәдениет қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері жастармен кездесті. Жиында алаяқтарға алданбау мен құмар ойындардың құрығына түсудің алдын алуға байланысты пікірлер айтылды.