Түркістан
EN

Түркістан облысының әкімі Сайрамды дамытудағы кемшіліктерді жоюды тапсырды

70
09.06.2023

"Сайрам ауданының даму жоспарын қайта қарап, басынан әзірлеуді тапсырамын". Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ауданның активімен өткен көшпелі мәжілісте осылай деді. Өйткені өңірде ауыл шаруашылығы саласындағы мүмкіндік пен әлеует толық қолданылмай отыр. Аудандағы ішкі жолдардың сапасы сын көтермейді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында бірқатар қордаланған мәселелер бар. Осы және өзге де түйткілдер тарқатылған мәжілісте облыс басшысы жаңа тағайындалған аудан әкімі мен жауапты басқарма басшыларына кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар берді.