Бүгін Сайрам ауданының әкімі болып Арман Сәбитов тағайындалды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жаңа басшыны аудан активіне таныстыру барысында оған маңызды міндеттер тапсырылғанын атап өтті. Арман Сәбитұлы 1984 жылы Шымкент қаласында туған, білімі жоғары. Мамандығы бойынша экономист, экономика ғылымдарының кандидаты, мемлекеттік аудитор. Соңғы рет Түркістан облысы әкімінің орынбасары лауазымында болды. Бұған дейін ауданды бірнеше жыл басқарған Ұласбек Сәдібеков ҚР Парламент мәжілісінің депутаты болып сайланған еді.