Аралды қорғау үшін көп қаражат бөлу керек. Астана халықаралық форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік қауымдастықты осыған шақырды. Бас қалада өтіп жатқан шараға алпауыт компаниялардың басшылары мен әлемнің сақа саясаткерлері жиылды. Ауқымды жиынның тақырыбы «Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында» деп аталады. Онда президент 2026 жылы Қазақстанда Аймақтық климаттық саммит өткізуді ұсынды. Айтуынша, су мен климаттың өзгеру мәселесі бір ғана елдің проблемасы емес. Сондықтан бұл мәселенің шешімін бірлесіп қарастыру қажеттігін алға тартты. Себебі, Орталық Азия су қауіпсіздігін сақтау, тығыз әріптестік пен бірлескен тиімді шараларды жүзеге асыру арқылы ғана шешілетін аймақ.