Түркістан телеарнасының төл туындысы “Түркістанды көргім келеді” жобасының екінші маусымы өз мәресіне жетті. Бағдарламада 5 қатысушы оңтүстік өңірдің көрікті орындарымен танысып, Түркістанның жарқын бейнесін жаңа қырынан көрді. Қонақтар арасында отандастарымыздан бөлек Қырғызстан және Түркия азаматтары да бар. Олар 3 күнде 10-нан астам аумаққа сапар шекті. Естен кетпес саяхаттың соңғы күні де өңір қонақтары үшін ерекше болды. Жоба белсенділері анықталып, үздіктерге қаржылай сыйақы және түрлі сыйлықтар үйлестірілді.