Түркістан облысында балаларды оңалтуға арналған 6 орталық бар. Солардың бірі әрі бірегейі - Кентау қаласында орналасқан «Жансая» оңалту орталығы. Онда жүйке жүйесі зақымданып, тірек қимылы бұзылған, тыныс алу жолдары қабынған балаларға кешкенді медициналық, психологиялық және педагогикалық көмек көрсетіледі.