Түркістан
EN

Теріскейден көгілдір отын көзі табылды

76
07.06.2023

Созақта уран ғана емес, енді газ өндірілмек. Бұл туралы аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков баспасөз мәслихатында айтты. Оның сөзінше, ғалымдар зерттеу жүргізіп, көгілдір отын өндіруге болатын нүктені анықтаған. Оның игілігін тұрғындар 2025 жылдан бастап көрмек. Созақтағы газ қоры 2079 жылға дейін жетеді екен.Сонымен қатар  аудан әкімі абаттандыру, көгалдандыру  мақсатында жүргізілген жұмыстарды,  құрылыс және сәулет саласы бойынша атқарылған іс-шаралар туралы сөз етті. Жиын барысында  өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы уақытқа жоспарланған жобалармен бөліскен өңір әкімі ауданның дамуына тың серпіліс беретініне сенімді.