Қазақстанда өткен жылы 29,7 мың тонна қой жүні қоқысқа тасталған. Өйткені елімізде жүн өңдейтін 13 зауыттың жетеуі ғана нақты жұмыс істеп тұр. Осының кесірінен соңғы кезде төрт түліктің жүні — киім, терісі — бұйым болмай қоқысқа тасталып не жаппай өртеліп жатыр. Қайтпек керек? Ауылшаруашылығы министрлігі не дейді? Тілші репортажында толығырақ.