Түркістан
EN

Табиғат аясында демалатындарға үгіт-насихат жүргізілді

77
07.06.2023

 Жаз айларында табиғат аясына шығатындар көбейеді. Осыған орай, Қаратау бауырындағы табиғат сақшылары демалушыларға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тау бауырындағы орманға келетіндерге «Жылаған ата» посты қойылған. Ол жерде орманшылар рұқсатсыз аң ауламау, құс атпау туралы ескерту жасады. Арнайы үнпарақтар таратты.