Түркістан
EN

Биыл күзде қанша қазақстандық әскерге шақырылады?

123
27.08.2021

Жылқының өті мен  құстың  сүтінен басқасын, енді, әскерден ғана табасың.    Тамақтану құрамын жақсарту үшін ұлттық тағамдар құрт, қымыз, шұбат тіпті балық еті  тізімді толықтырып отыр. Мұндай мәлімдеме бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде айтылды. Кәмелеттік жастан асқан азаматтарды күзгі әскери қызметке  шақыру 1 қыркүйектен басталады. Ол жыл соңына дейін жалғасады-деді ол. Биыл Қарулы күштер құрамы 17 мыңға жуық жас жігітпен толығады. Олар әскерге шақыру кезінде жиын пунктінде және әскери бөлімге келгеннен кейін ПТР тест тапсырады. Әскерден ақша беріп құтылам деген жаңсақ пікірге жол берілмейді. Бармақ басты, көз қысты әрекетке жол бермес үшін шақыру электронды түрде жүреді.