Шардарада шекара қызметкерлері 10 лаңкестің жолын кесті. ҰҚК-нің «Қалқан» жедел оқу-жаттығу жиынындағы биылғы әскери миссия осындай болды. Жиында ел тыныштығын күзетіп жүрген жауынгерлер дағдарыс жағдайлары туындаған кезде, террористік және діни-экстремистік ұйымдар тарапынан қатерлерді бейтараптандыру, сондай-ақ арнайы шекара операцияларын жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың нақты іс-қимылдарын пысықтады.