Түркістанда Қазақстандағы теңдесі жоқ деп ашылған кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Енді алдағы уақытта осы қымыз бен шұбаттан құрғақ сүт өндіретін зауыттың ісі қайта жандануы мүмкін. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен Қытай Халық республикасының Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэймен кездесуінде айтылды. Сондай-ақ тараптар инновациялар мен жаңа технологиялар саласындағы әріптестік мәселелері мен екіжақты ауқымды жобалар мен тауар айналымы турасында пікір алмасты. Қытайдың бай тәжірибесі негізінде Түркістан өңірінде жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен алдағы уақытта бірнеше зауыт-фабрикалар жұмыс істейді деген жоспар бар. Өңір басшысы облыстың әлеуетіне тоқталып, бизнесті дамыту жөніндегі бастамаларға толық қолдау көрсетілетінін жеткізді.