Кентау қаласында темір жолдар кесіліп, металлға кетіп жатыр. «Ащысай полиметалл» комбинатына тиесілі болған шойын жол кейін аукцион арқылы бірнеше кәсіпкердің қолына өтіп кеткен. Бірақ жаңа қожайындар ол саланы дамытпақ түгілі, талан-таражға салып жатыр. Осының кесірінен Кентау тұрғындарын жұмыспен қамтып отқан бірнеше мекеме тоқырауға ұшыраудың сәл-ақ алдында тұр. Толығырақ тілші материалында.