Түркістан
EN

Шардара су қоймасының ортасында қалып қойған үш турист құтқарылды

100
06.06.2023

Шардара су қоймасының ортасында қалып қойған туристер  құтқарылды. Қайықта Алматыдан келген 2 студент қыз бен жүргізуші болған. Олар жағадан сәл алыстай бергенде кенет қайықтың моторы істен шыққан. Дереу құтқарушыларға хабарласқан оларға бір сағат ішінде көмек жеткен. Авариялық-құтқару жұмыс тобы адамдарды жағаға шығарды. Бүгінде, демалушылардың жағдайы бірқалыпты.