Түркістан
EN

45 адам суға кеткен

122
06.06.2023

Жыл басынан бері 45 адам суға кетіп көз жұмған. Оның 14-і - кәмелет жасына толмаған балалар. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин  мәлімдеді. Айтуынша, қайғылы оқиғалар көбіне рұқсат етілмеген орындарда шомылудың, ересектердің балаларын қараусыз қалдыруының және кей азаматтардың масаң күйде суға түсуінің кесірінен болады екен. Айта кетсек, соңғы 3 жылда 700-ге жуық ересек азамат пен 300-ден астам жасөспірімнің ажалы судан болған. Министр қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін «Шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы» қаулы арнайы бекітілгенін айтты.